Александр Седнев: Екі команда да өте тартысты, ашық футбол көрсетті
«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев «Ақтөбеге» қарсы өткен матч жайлы:
<span>- Екі команда да өте тартысты, ашық футбол көрсетті. Өкінішке қарай, бізге сәттілік жетіспеді. Дегенмен екі команда да бар күшін алаңда қалдырды. Қарсылас команданы жеңісімен құттықтаймын.</span>
Команда ойынында уайымның бар екені көрінді. Бұл оң нәтижеге қалай да қол жеткізгіміз келгеннің әсері шығар. Бірақ футболда мұндай сәттер болып тұрады. Сәттілік жетіспеді дей аламын. Алда әлі 5 тур бар. Өз стадионымызға ораламыз. Ойыншыларымызға, командамызға сенім артамыз. Сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауына үлкен үміт артамыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или