Қазақстан күрес түрлерінен әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Қазақстан күрес түрлерінен әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Бүгін Белградта (Сербия) күрес түрлерінен 2023 жылғы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

<span>Жарыстың бірінші күні Қазақстан намысын Үсімжан Дастанбек (61 келі), Санжар Досжанов (70 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) және Юсуп Батырмырзаев (125 келі) қорғады.</span>

<span>Төрт балуанның ішінен іріктеу белдесуінде тек Азамат Дәулетбеков жеңіске жетті. Ол Литва өкілі Домантас Павлющенкодан мықты болып шықты.</span>

<span>Үсімжан Дастанбек америкалық Виталий Оруджеваны жеңе алмады. Санжар Досжанов әзербайжан балуаны Магомед Башир-Ханиевке есе жіберді. Ал Юсуп Батырмырзаев америкалық Марк Паррис Мейсоннан жеңіліп қалды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или