Маркос Пизелли Сербияға қарсы ойнады

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Маркос Пизелли Армения құрамасы сапында ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясында Сербия командасымен кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Нови Саде қаласында өткен матчта сербиялықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алдымен Левон Айрапетян өз қақпасына гол соғып алса, артынша Адем Ляич ойынның нүктесін қойды.

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы алаңға негізгі құрамда шығып, 65 минут ойнады да, орнын Руслан Корянға босатты. Айта кетейік, бұл матчқа бұрын Қазақстан Премьер-лигасында доп тепкен Роберт Арзуманян, Карлен Мкртчян және Геворг Казарян қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или