Мбаппе Верраттимен қоштасты
ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе жартылай қорғаушы Марко Верраттидің катарлық «Аль-Арабиге» кеткеніне пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін тараптар үш жылға келісімшартқа отырғаны белгілі болған. Инсайдерлердің айтуынша, трансфер сомасы 45 млн еуро.
«Ерекше ойыншы, көп жыл сізбен бірге өне көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Мұндағы уақытыңыз ешқашан ұмытылмайды. Мен көрген ең үздік ойыншылардың бірісіз. Рақмет, досым, мен сені әрдайым есте сақтаймын», – деп жазды Мбаппе әлеуметтік желіде.
Верратти - «Пескара» түлегі. 2012 жылдан бері ПСЖ сапында ойнады. Осы аралықта Францияның 9 дүркін чемпионы атанды. 30 жастағы футболшы Италия құрамасымен 2020 жылғы Еуропа чемпионы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или