Алексей Щеткин «Кубаньнан» кетті

Алексей Щеткин «Кубаньнан» кетті

«Кубань» футбол клубы қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткиннің командадан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт қос тараптың келісімі бойынша бұзылды.

32 жастағы шабуылшы краснодарлық командаға 2022 жылы «Ротордан» ауысқан, жалпы 24 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Ол бұған дейін Қазақстанда «Жетісу», «Атырау», «Тараз», «Астана», «Ақтөбе», «Тобыл» және «Ордабасы» командаларында ойнаған. Қазақстан құрамасы сапында 39 ойын өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или