Павел Врба: «Еуропада әлсіз қарсылас қалмады»

Чехия мен Қазақстан құрамаларының кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында алаң иелерінің бас бапкері жеңістің маңыздылығы мен қарсыластың жүйелі ойынан атап өтті.

Бүгінгі ойын Еуропада әлсіз қарсыластың қалмағанын көрсетті, - дейді Павел Врба. - Бірінші таймда гол өткізіп алып, жылдам жауап қайтара алмадық. Тек қана бір мүмкіндік болды. Өйткені, жылдамдық жетіспеді. Шкода алаңға шыққаннан кейін допты айып алаңына жеткізуге тырыстық. Матчтың шешуші тұсы Милан Шкоданың алаңға шығуы болды. Қазақстан тағы бір гол соққанда ойынға әсер ететін еді. Қазақстан құрамасының жүйелі ойынын ескере отырып, жеңістің маңыздылығын атап өткім келеді.

- Іріктеу тобындағы өзге ойындардың нәтижесін қалай бағалайсыз?

- Бүгінгі ойындардың нәтижесі мені қуантты. Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алу үшін бізге 3 ұпай жинау керек. Әзірге біз тойламаймыз.

ҚФФ ресми сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или