Қазақстан жасөспірімдер құрамасы БАӘ футболшыларын ірі есеппен ұтты
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтіп жатқан «Slovenia Nations Cup-2023» халықаралық турнирінде үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші ойында Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерін 3:0 есебімен жеңді. Олжас Байбек (32-минут), Глеб Валгушев (54-минут) және Тамерлан Ағыманов (67-минут) гол соқты.
Бұған дейін 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясынан келген құрдастарын ұтып (3:2), Португалиядан (2:3) жеңілген болатын.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының капитаны Олжас Байбек, ал аға бапкері Александр Кузнецов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или