Танымал футболшының әкесі «Ақтөбе» футбол клубының басшысы атануы мүмкін

Танымал футболшының әкесі «Ақтөбе» футбол клубының басшысы атануы мүмкін

«Серый КАРДИНАЛ» Telegram-арнасы «Ақтөбе» ФК-ның жаңа басшысы қызметіне үміткерлердің бірін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, «Ақтөбе» ФК басшысы лауазымына үміткерлердің бірі - Қайрат Ділманов. Бұған дейін ол футболдан ОСЮСШОР-да ұзақ уақыт басшылық қызметте жұмыс істеген. Ол ақтөбелік атақты футболшы Дидар Жалмұқанның әкесі ретінде де танымал», - дейді дереккөз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның ең атақты футболшыларының бірі Юрий Логвиненконың «Ақтөбе» футбол клубына оралып жатқаны туралы ақпарат шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или