«Жеңіліп қалғанымыз өкінішті болды». Майкл О’Нилл – Қазақстанмен ойын туралы
Солтүстік Ирландия құрамасының бас бапкері Майкл О’Нилл Prosports.kz тілшісі Бекарыс Әлімханға берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстанмен өткен матч туралы ойын айтты.
– Майкл, ойын туралы не айтасыз?
– Бұл ойында жеңіліске ұшырағанымыз өкінішті. Ойын барысында белгілі бір басымдыққа ие болдық, бірақ айып алаңында жақсы мүмкіндікті жіберіп алдық. Өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық, сол үшін Қазақстанның жеңісін мойындауымыз тура келеді.
– Сіздің ойыңызша, жеңіске жету үшін командаңызға не жетіспеді?
– Алаңның соңғы үштен бір бөлігіне назар аудармадық. Сол позицияда жағдайды бақылай алмадық. Бұдан жақсырақ ойнай алатын едік.
– Қазақстандық ойыншылардың қайсысы Солтүстік Ирландия үшін қауіпті болды?
– Білесіз бе, менің бар назарым тек өз командамда болды.