«Ордабасы» ФК ойыншысы әйелі үшін кешірім сұрады

«Ордабасы» футбол клубының ойыншысы Иван Божич өз әйелінің әлеуметтік парақшада жазған жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Осыдан үш күн бұрын сербиялық легионердің әйелі өзінің Инстаграм парақшасында «Бораттың еліне келдік» деп жазған болатын.

Мұнан кейін жазба авторы да, Иван Божич те осы әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кешірім сұраған. Дегенмен, көпшілік оны кешіре қоймаса керек, күні кеше футболшы жергілікті телеарналардың біріне сұхбат беріп, қазақстандықтардан әйелінің әзілі үшін тағы кешірім өтінді және «Борат» фильмін бұрын-соңды көрмегенін айтты.

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или