Қазақстан-Финляндия матчы кезіндегі дүрбелең: Полиция мен футбол федерациясы не дейді?
Алдында желіде мыңдаған адам ұйымдастыру жағының шалалығына байланысты стадионға<span> </span>кешігіп кіргені<span> </span>туралы ақпарат пайда болған еді.
«Матч күні стадионның кіре берісіне адамдардың көптеп жиналып, кептелістің туындауына билеттерді бірнеше рет қайтара сатқан алыпсатарлар түрткі болды. Сондықтан осы мәселені шешу біраз уақытымызды алды», – деп хабарлады ҚР Футбол федерациясы.
Кептелістің туындауына түрткі тағы бір себеп - жанкүйерлердің өзінің стадионға кешігіп келуі.
Айта кетсек, финдермен болған матч 1:0 есебімен аяқталып, шетелдіктер жеңіске жеткен болатын. Қазақстан құрамасы енді өз алаңында 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен кездеседі.
«Бұл жолы жанкүйерлерге стадионға алдын ала жетіп алу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, біз бұрын хабарлағанымыздай, жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін әрі кептелісті азайту мақсатында сағат 17:30-дан бастап бес автотұрақтан арнайы шаттл-автобустар қатынайтын болады», - делінген хабарламада.