Чехия - Қазақстан 2:1. Соңғы минуттар синдромы қайта оралды ма?

Чехия - Қазақстан 2:1. Соңғы минуттар синдромы қайта оралды ма?

ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясында жолыққан Чехия мен Қазақстан арасындағы кездесуде алаң иелері жеңіс тойын тойлады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы қауіпті сәт матч басталғаннан кейін 10-шы минутта орын алды. Қонысбаевтан пас алған Жолшиев айып алаңының сыртынан соққы жасап көрген, алайда доп қақпадан сәл қиыс кетті. 21-ші минутта Жолшиев командамызға бұрыштама добын әкелді. Бауыржан Исламханның алыс бұрышқа көтерген добына Логвиненко бірінші болып жетіп, Петр Чех қорғаған қақпадан саңылау таба білді. Өз қақпасына жіберілген голдан кейін алаң иелері шабуылды үдете түсті. Кезекті бір шабуылда қақпа маңындағы қарбаласта чехтер гол соғатын мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. 37-ші минутта Павелканың соққысынан кейін доп қақпа бағанасына тиіп, кері серпілді. Екінші таймда біздің футболшылар допты әдейі алаң иелеріне беріп қойды. Басымдыққа ие болған Чехия ойыншылары гол соғуға тырысып бақты. Алайда аса бір қауіпті сәт бола қоймады. Тек 60-шы минутта Дариданың жасаған соққысы қақпадан сәл ғана қиыс кетсе, Дочкалдың тепкен добы маңдайшадан биік ұшты. 74-ші минутта алаң иелері діттегендері жетті. Павел Врбаның екінші таймға тыңнан шығарған ойыншысы Милан Шкода Дочкалдың пасынан кейін таразы басын теңестірді. Ал 10 минут өтісімен дәл осы Шкода басымен допты қақпаға дөп түсіріп, командасын есепте алға шығарды.

Осылайша, қолда тұрған жеңісті уысымыздан шығарып алдық

ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі.

Чехия - Қазақстан - 2:1 (0:1)

Голдар: Шкода 76: 88 - Логвиненко 20

Чехия: Чех, Кадержабек, Прохазка, Лимберски, Сухи, Дочкал, Скалак, Павелка, Крейчи, Дарида, Лафата.

Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Смақов, Логвиненко, Қуат, Қонысбаев, Исламхан, Шомко, Нөсербаев, Жолшиев.

Төрешілер: Мартин Стрембергссон, Мехмет Кулум, Даниэль Густавссон (все - Швеция)

3 қыркүйек 2015. Чехия.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или