Жаңа спорт министрі қазақстандық футболшылардың кешегі жеңілісіне пікір білдірді

Жаңа спорт министрі қазақстандық футболшылардың кешегі жеңілісіне пікір білдірді
2023 жылғы 7 қыркүйекте көптен күткен футбол матчы өтті. Алайда Қазақстан Финляндияға есе жіберді. Жаңа туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақстандық футболшылардың жеңілісіне пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шенеунік матчтан суреттер жариялап, Instagram парақшасында ойынға қысқаша түсініктеме беріпті.

"Өкінішке қарай бүгін біздің команда жеңе алмады, бірақ бұл – спорт, онда жеңіс пен жеңілістер қатар жүреді. Спортшыларымыз соңғы сәтке дейін барын салғанын атап өтемін. Нәтижеге қарамастан, команда лайықты ойын көрсетті".<span>Ермек Маржықпаев</span>

Ол стадионды толтырған жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.

"Стадионды толтырған жанкүйерлерді бөлек атап өткім келеді. Қолдау жоғары болды. Солтүстік Ирландиямен ойында да осындай ыстық қолдау болады деп үміттенемін".<span>Ермек Маржықпаев</span>
"Ал біздің жігіттерімізге жексенбілік матчта жеңіс тілеймін. Біз сіздермен әрқашанда біргеміз!", – деп жазды спорт министрі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или