Петр Чех: «Қазір Қазақстанда футбол дамып келеді»

Петр Чех: «Қазір Қазақстанда футбол дамып келеді»

Чехия құрамасының және лондондық «Арсенал» клубының қақпашысы Петр Чех баспасөз мәслихатында соңғы уақыттағы қазақстан футболының даму қарқынына тоқталып өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Чехия мен Қазақстан құрамаларының арасындағы кездесуден кейін көп уақыт өтті. Өз алаңымызда жақсырақ ойнап, Қазақстан құрамасынан тағы жеңеміз деп үміттенемін, - дейді Петр Чех. - Қазақстанда футбол дамып келе жатқанын атап өткім келеді. «Астана» клубы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтті. Екінші қазақстандық клуб «Қайрат» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде ойнады. Сол себепті қазіргі таңда Қазақстанда футбол дамы келеді.

- Қазақстандық команданың ішінен қай ойыншыны атап көрсетесіз?

- Қазақстанның ең басты күші - олардың командалық ойыны. Бірге қорғанады, бірге шабуылдайды. Орталық алаңда допты бақылауда ұстайтын бірнеше ойыншы бар. Алайда, біздің міндет - олардың допты бақылауда ұстауына жол бермеу. Ертеңгі ойында жеңіске жетеміз деп үміттенемін.

Айта кетейік, Чехия - Қазақстан матчы 3 қыркүйектен 4 қыркүйекке қараған түні Астана уақыты бойынша 00:45-те өтеді.  Чехияның Плзень қаласынан тікелей трансляцияны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или