Павел Врба: «Қазақстан құрамасының мықты тұсының бірі - стандарттық жағдай»

Павел Врба: «Қазақстан құрамасының мықты тұсының бірі - стандарттық жағдай»

Чехия құрамасының ашық жаттығуының алдында дәстүр бойынша бас бапкер Павел Врба мен қақпашы Петр Чехтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Чехия құрамасының бас бапкері ертең алаңға алғаш рет шығу мүмкіндігіне ие Томаш каластың жаттығу кезіндегі жұмысына тоқталды.

- Ертең бірнеше жаңа ойыншы алаңға шығуы мүмкін. Калас – орталық және қапталда ойнайтын қорғаушы. Ол алғаш рет Чехия құрамасының сапында доп тебеді. Жаттығу кезінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Негізгі құрамның орталық аймағында алаңға шығатын бірнеше ойыншы ертең сіздерді таңғалдыруы мүмкін.

Сонымен қатар, Павел Врба қазақстандық клубтардың еурокубок ойындарындағы табысын атап өтті.

- Кез келген бапкер еурокубок ойындарының негізгі өз елінің клубтары шыққанына қуанышты болады. Өйткені, мықты қарсыласпен ойнау Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншыларына көмектеседі, - дейді чехиялық маман. - Егер ойыншы өз клубында жақсы ойнаса, онда ұлттық құрамада да жақсы жағынан көрсете алады. Сол себепті Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасындағы қазақстандық клубтардың жетістігі Қазақстан Ұлттық құрамасына оң әсер етуі мүмкін. Айта кету, керек Қазақстанның екі клубы жақсы ойнады. Ал, бізде үш клуб еурокубоктың негізгі кезеңіне жолдама алды.

- Қазақстан мен Чехия арасындағы өткен матчта сіздің командаңыздың қақпасына екі гол стандарттық жағдайдан кейін соғылды. Ертең сол жағдайдың қайталануынан қорықпайсыз ба?

- Біз ойынның жазбасын қарадық, ойыншыларға қателіктерін көрсеттік. Қазақстан Ұлттық құрамасының мықты тұстарының бірі - стандарттық жағдай. Біз бұл матчқа дайынбыз және ертең де үш ұпай алуды көздейміз.

Айта кету керек, Чехия құрамасының бүгінгі жаттығуы тек қана бұқаралық ақпарат құралдары үшін емес, жанкүйерлер үшін де ашық болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или