Криштиану Роналду Лионель Мессимен бәсекелестік біткенін айтты
«Аль-Наср» ойыншысы Криштиану Роналду «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Мессимен бәсекесінің аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі футболшы Еуропада көп жылдар өнер көрсетті. Роналду «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентуста» ойнады, Месси «Барселона» мен ПСЖ-да доп тепті.
«Бәсеке бітті. Көрермендерге ұнады. Криштиану Роналду ұнаса, Мессиді жек көрудің қажеті жоқ. Екеуміз де үздікпіз және футбол тарихын өзгерттік.
Бізді бүкіл әлем құрметтейді, бұл ең бастысы. Ол өз жолымен барады, мен өз жолымен барамын. Біз 15 жыл бойы бәсекеде ойнадық, дос емеспіз, бірақ біз әріптеспіз және бір-бірімізді сыйлаймыз», — деп келтіреді SAPO Desporto Роналдудың сөзін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или