Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса ма

Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса ма

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони ұлттық құраманың шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатында ойнай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз қазір 3 жылдан кейін не болатынын айта алмаймыз. Футбол үшін бұл керемет болады, бірақ Месси 2026 жылы сонда болады деп айта алмаймын. Ал мен сонда болатынымды да білмеймін.

Сондай-ақ біздің әлі біліктіліктен өтпегенімізді ескеру керек », - деді Скалони.

Аргентина құрамасы Катарда өткен соңғы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или