Румыниялық клуб ойыншыны ерекше бағаға сатып алды
Румынияның екінші лигасында өнер көрсететін «Вииторул Тыргу-Жиу» клубы 4-лигада өнер көрсететін «Лугож» шабуылшысы – 27 жастағы камерундық Азиз Нджой Нджифакуэмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Трансфер үшін өтемақы ретінде клуб екі металл контейнер берді. Бұл туралы «Лугож» өкілдері Facebook желісінде жанкүйерлер сұрағына жауап беру барысында айтты.
Алынған контейнерлерді клуб жаңа базада киім ауыстыратын бөлме ретінде пайдалануды көздеп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или