«Үлкен қателік». Маман Нұралы Әліптің РПЛ матчындағы қателігі туралы айтты
«Химки» және «Торпедоның» бұрынғы бас бапкері Андрей Талалаев ЦСКА шабуылшысы Антон Заболотныйдың РПЛ 7-туры аясында «Зенитке» соққан голына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесудің 4-минутында «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп қақпашы Михаил Кержаковқа айып алаңы ішінде сәтсіз доп берді. Заболотный петерборлық клуб ойыншыларының қателігін пайдаланып, кездесуде есеп ашты.
«Кержаковқа допты қайтарып берді. Михаил де тым баяу қимылдады, доппен тезірек жұмыс істеуге тура келген. Бұл пасты қабылдау оған ыңғайсыз болды, доп бағана маңында болды. Бұл жағдайда шығу қиын еді. Браво, Заболотный, ол қателікті ұтымды пайдаланды, жағдайды оқыды», - деді Талалаев Match TV арнасының эфирінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или