Жаттықтырушыларға арналған ұлттық бағдарламаның алғашқы курсы өтті

Жаттықтырушыларға арналған ұлттық бағдарламаның алғашқы курсы өтті

Талғардағы оқу-жаттығу базасында 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жаттықтырушыларға арналған ұлттық бағдарламаның алғашқы курсы өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Курсқа УЕФА-ның «А» категориясы бойынша дипломдары мен лицензиялары бар футбол клубтарының жаттықтырушылары қатысты. Дәріске қатысушылар ауыр атлетика бойынша ҚР құрама командасы ғылыми тобының жетекшісі, профессор, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы И.П.Сивохиннің лекцияларын тыңдады.

Теориялық білімді бекіту үшін техникалық орталықтың профессорлық-оқытушылық құрамы (аға оқытушылар А.С.Якупов, А.С.Погорелов, Э.К.Ахемтов) әдістемелік және тәжірибелік дәріс жүргізді. Сонымен қатар, дене даярлығы мәселелері, жас ерекшеліктері бойынша дене даярлығын қалыптастыру бойынша профессорлар А.Н.Ілиясова мен К.Е.Адамбеков кеңес өткізді. Футболшылардың функционалдық жағдайын анықтау үшін заманауи технологияны қолдану бойынша доцент С.Т.Мәженов сөз сөйледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или