Бактиер Зайнутдинов Түркия чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізді
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында Түркия чемпионатындағы дебюттік ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Зайнутдинов Түркия Суперлигасының төртінші турында «Сивасспормен» өткен ойынның 63-минутында алаңға шықты.
Зайнутдинов алаңға шыққанда «Бешикташ» 2:0 есебімен жеңіп жатқан. Ойын соңына дейін осы нәтиже өзгерген жоқ.
Айта кетейік, Бактиёр Зайнутдинов «Бешикташқа» мәскеулік ЦСКА-дан ауысты. Түркиялық клуб сапындағы алғашқы ойынын Конференция лиганың іріктеу кезеңінде өткізді, Киевтік «Динамоға» қарсы бірінші ойында жеңіс голын соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или