Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартты ұзартуы мүмкін

Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартты ұзартуы мүмкін

«ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе клубпен келісімшартты ұзартуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Журналист Марко Контерио мәліметінше, тараптар келісімшартты 2026 жылдың маусымына дейін ұзартуды талқылап жатыр. Жаңа келісімде өтемақы мөлшері көрсетіледі, сол сома төленген жағдайда ойыншы 2024 жылдың жазынан бастап клубтан кете алады. Тараптар келісімге келуге жақын екені айтылған.</span>

<span>Бастапқыда Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартын ұзартуды жоспарлаған жоқ. Француз 2024 жылдың жазында клубтан еркін агент ретінде кеткісі келді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или