Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді
31 тамыз күні Астана уақытымен сағат 22:00-де Монакода 2023/24 жылғы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеребеге 32 команда қатысады: 26 команда тікелей жолдама алса, 6 команда іріктеу кезеңі арқылы өтті (Брага, Янг Бойз, Галатасарай, Антверпен, Копенгаген және ПСВ). Жеребе кезінде олар 4 командадан 8 топқа бөлінеді.
Чемпиондар лигасында 32 команда: Испаниядан 5, Англия, Италия, Германиядан 4, Португалиядан 3, Франция мен Нидерландыдан 2, Бельгия, Украина, Австрия, Шотландия, Сербия, Швейцария, Дания және Түркиядан 1 команда қатысады.
УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімін <span>uefa.com сайтынан көруге болады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или