Месси «Интер Майамиде» алғаш рет нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады

Месси «Интер Майамиде» алғаш рет нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады

«Интер Майами» MLS ойынында «Нэшвиллді» жеңе алмады. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси алаңда 90 минут өнер көрсетті. Ол «Интер Майами» сапында алғаш рет нәтижелі әрекетімен (гол немесе голдық пас) көзге түсе алмады.  

Месси «Интер Майами» сапында 10 ойынға қатысып, 11 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. «Интер Майами» 24 ойыннан кейін 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде соңынан санағанда екінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или