Чехия - Қазақстан матчының бас төрешісі - Мартин Стрембергссон

2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Чехия - Қазақстан матчына 38 жастағы Мартин Стрембергссон бастаған швециялық төрешілер тобы тағайындалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Швециялық маман үшін бұл 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші матч. 2014 жылдың 16 қарашасында Софияда өткен алғашқы ойында Болгария мен Мальта құрамалары 1:1 есебімен тең түсті. Сол матчта Стрембергссон 5 сары қағаз көрсетіп, әр қақпаға бір-бірден пенальти белгіледі.

Бас төрешіге отандастары Мехмет Кулум мен Даниэль Густавссон көмектеседі. Төртінші төреші - - Пер Брогевик. Қосымша көмекшілері - Михаэль Лерьеус пен Кристоффер Карльссон.

Еске сала кетейік, Чехия - Қазақстан матчы 3 қыркүйектен 4 қыркүйекке қараған түні Плзень қаласындағы «Дусан Арена» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 00:45-те басталады. Ойынды тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или