«Қайсар» мен «Ақтөбе» жолдастық кездесу өткізеді

Ел чемпионатындағы үзілісті пайдаланып, қыркүйектің 7-сі күні «Қайсар» футбол клубы түзде «Ақтөбемен» жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жолдастық кездесу командалардың оқу-жаттығу жиындары аясында ұйымдастырылмақ. Команда Қызылордадан Ақтөбеге 5 қыркүйек күні шығады. Матч кезінде бас бапкер команданың функционалдық жағдайына мән беріп, тактикалық өзгерістерді байқап көрмек. Сондай-ақ, Премьер-лиганың 25-туры аясында 13 қыркүйек күні өтетін Қостанайдың «Тобылына» қарсы ойынға дайындалмақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайсар» - «Тобыл» кездесуі 13 қыркүйек күні сағат 18:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или