«Партизани» «Астанамен» матч алдында негізгі жартылай қорғаушысын сатты
Албаниялық Партизани жартылай қорғаушы Массанга Матондоны түркиялық Хатайспорға сатып жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Трансфер 600 мың еуроны құрады. Партизани сонымен қатар ойыншыны кейіннен қайта сатудан 20% алады. Бұл клубтың осы маусымдағы ең үлкен трансфері. Массанга Матондо өткен маусымда 36 ойынға қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Еске салайық, «Партизани» Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі «Астананың» қарсыласы. Командалардың Астанадағы алғашқы ойыны 1:0 есебімен елордалық команданың жеңісімен аяқталды. 31 тамызда Эльбасанда (Албания) қарымта ойын өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или