OCTAGON лигасының өзбекстандық чемпионы Бішкекте бразилиялық файтермен кездеседі
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы Бішкектегі OCTAGON 49 турнирінің басты кардының жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аралық салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте ұйымның жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы өзбекстандық Достон Бозоров (8-1) бразилиялық Верлесон Алмейда де Соузамен (8-6) күш сынасады.
"Бішкектегі турнирдің негізгі кардына қызық жекпе-жек қосылды! Жеңіл салмақтағы уақытша OCTAGON чемпионы бразилиялық файтерге қарсы кездесу өткізеді. Верлесонның бэкграунды бар және ол Бішкекке апсет үшін бара жатыр! Достон Мәжит Сардаровпен жекпе-жекке дейін аралық кездесу өткізгісі келеді. Егер Бозоров жеңсе, жекпе-жек биыл өтеді!", - делінген Instagram-дағы парақшада.
Еске салайық, 8 қыркүйекте турнирдің басты жекпе-жегінде ауыр салмақта қырғызстандық Мықтыбек Мамасалиев (12-4) мысырлық Махмуд Мохаммед Афиамен (5-5) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі