«Астана» қорғаушысы жарақатына байланысты жыл соңына дейін алаңға шықпайды
«Астана» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Михаил Габышев жарақат алып, жыл соңына дейін алаңға шықпайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
<span>33 жастағы футболшы «Қайратқа» қарсы матч алдындағы жаттығу кезінде жарақат алған. Сондай-ақ қорғаушы Қазақстан құрамасының алдағы Финляндия мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойындарына қатыса алмайтынын айтты.</span>
<span>Габышев «Астана» сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Командамен бірге ол Қазақстан чемпионы және ел Суперкубогының иегері атанды.</span>
<span>Қорғаушы Қазақстан құрамасы сапында 10 ойын өткізген. Жастар құрамасында 2 ойынға қатысқан.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или