ФИФА Испания федерациясының президенті Луис Рубиалесті 90 күнге қызметінен шеттетті

ФИФА Испания федерациясының президенті Луис Рубиалесті 90 күнге қызметінен шеттетті

Халықаралық футбол федерациясы ойыншы Дженни Эрмосоны оның келісімінсіз сүйген Луис Рубиалесті тәртіптік тергеу аяқталғанға дейін Испания Корольдігі федерациясының президенті қызметінен алып тастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әйелдер футболынан әлем чемпионатында Испания құрамасы Англия құрамасын ұтқан болатын. Жеңіс матчынан кейін Испания футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес трибунада команда шабуылдаушысы Дженнифер (Дженни) Эрмосоны ернінен сүйіп алады. Ол бұл әрекетін эмоцияға толы болуымен түсіндіріп, кешірім сұрайды. Алайда, кешірім қабылданбады. Халықаралық футбол федерациясы Рубиалес 90 күнге қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

Испания федерациясы атқарушы комитетінің шұғыл отырысында Рубиалес ел үкіметінің, футболшылардың, сондай-ақ клубтардың қатты қысымына қарамастан, отставкаға кетуден бас тартты.

Дау-дамай әлі де қызып тұр. Испания әйелдер құрамасының жаттықтырушылар штабы толық құрамда, яғни 11 адам Рубиалестің әрекетіне наразылық білдіру үшін отставкаға өтініш бергені белгілі болды. Тек бас бапкер Хорхе Вильда ғана оларға қосылмаған, оған жуырда ғана келісімшартты тағы 4 жылға созу туралы ұсыныс жасалғаны мәлім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или