Рауль Гарсия «Атлетикодан» «Атлетик Бильбаоға» ауысты

«Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Рауль Гарсия «Атлетик Бильбао» сапын толықтырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қос команда өкілдері трансфер жайлы келісімге келді. Бүгін ойыншы дәрігерлік тексерістен өтіп, «Атлетикпен» келісімшартқа қол қояды.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Гарсия мадридтік клуб сапында 31 ойын өткізіп, бес гол соққан болатын. Сондай-ақ, Испания құрамасы сапында бір ойынға қатысты.

Осылайша, Гарсия елордалық «Астанаға» қарсы ойынға қатыса алмайды. Станимир Стойловтың командасы «Атлетикомен» қазанның 21-і, Мадридте кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или