Аңызға айналған қос ойыншы: Джокович Мессимен бірге түскен суретін жариялады (фото)

Аңызға айналған қос ойыншы: Джокович Мессимен бірге түскен суретін жариялады (фото)

Сербиялық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Новак Джокович Instagram парақшасында әлем футболының жұлдызы аргентиналық Лионель Мессимен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін жеңімпазы болған дүниежүзінің екінші ракеткасы мен «Алтын допқа» 7 рет ие болған әлемдік деңгейдегі футболшы Нью-Йорктегі мейрамханалардың бірінде кездесті. Теннисші жариялаған жазбасының сипаттамасында испан тілінде пікір қалдырды.

«Сенімен бір кездесіп, сөйлескеніме өте қуаныштымын. Әдеттегідей өзің мен отбасыңа сәттілік және денсаулық тілеймін», — деп жазды Джокович Instagram парақшасындағы жазбасында.

Еске сала кетейік, Джокович тенниске 28 тамыз күні АҚШ Ашық чемпионатында оралады. Сербия US Open чемпионатында 2011, 2015, 2018 жылдары үш рет жеңіске жеткен болатын.

Мессиге келер болсақ, ол Major League Soccer кәсіби футбол лигасында спорттық кәсібін сәтті жалғастыруда, ол жерде Месси «Интер» (Майами) сапында ойнап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или