20 жастағы «Реалдың» жаңа ойыншысы Роналдудың рекордын қайталады
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем «корольдік клуб» сапындағы алғашқы үш матчында үш гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ла Лиганың үшінші туры аясындағы «Сельтаға» қарсы матчта футболшы өз командасы сапында жалғыз жеңіс голын соғып, дебюттік маусымдағы үш матчта гол соға алған команда тарихындағы үшінші ойыншы болды.
Бұған дейін мұндай нәтижені Криштиану Роналду мен голландиялық Уэсли Снайдер көрсеткен.
Еске сала кетейік, мадридтік «Реал» футболшыны осы жазда «Боруссиядан» 103 миллион еуроға сатып алған, ойыншының келісімшарты 2029 жылға дейін есептелген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или