«Албанияда жақсы нәтижеге қол жеткіземіз». Пано Чирко Конференция лигасында «Астанаға» қарсы қарымта ойын жайлы айтты
«Партизан» қақпашысы Пано Чирко Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында «Астанаға» қарсы ойын туралы айтып берді.
- Пано, ойын туралы не айта аласың?
- Менің ойымша, біз маңызды нәтижеге қол жеткіздік, өйткені минималды есеппен жеңілдік. «Астананың» тәжірибесі мол еуропалық жақсы команда екенін білемін. Албанияда мүлде басқа ойын болатынына және бәрі өзгеретініне сенімдімін.
– «Астананың» үш голын есепке алмады, оғана қалай қарайсыз?
- Барлық жерде офсайд болды, әдетте офсайд кезінде голдар саналмайды. Бұл біздің тактикамыз болды деп айта аламын және біз оны жақсы орындадық. Келесі аптада нәтижелі ойнаймыз деп үміттенеміз.
- Қарымта ойынға болжам қандай?
- Бұл қиын ойын болады, бірақ біз жеңіс үшін бәрін жасаймыз. Дәл қазір 0:1 есебі «Астананың» пайдасына шешілгенімен, Албанияда соғылған бір гол ойынды түбегейлі өзгерте алады. Айта кетерлігі, жанкүйерлерімізден үлкен қолдау күтеміз.
- «Астана Аренаның» жасанды алаңы көңілден шықты ма?
- Өте жақсы көгал, өйткені біз Албанияда да жасанды алаңда ойнаймыз. Маған, әсіресе, стадионның акустикасы ұнады.