Самат Смақов: «Петр Чехтың қақпасынан тағы да саңлау табуға тырысамыз»

Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов ұлттық команданың алдағы Чехия және Исландияға қарсы ойындары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Осы іріктеу кезеңінде бір ғана ұпай жинадық. Осы көрсеткішті жақсартуымыз керек. Иә, көшбасшыларға қарсы жекпе-жек күтіп тұр, бірақ футболда бәрі мүмкін. Былтыр Чехиямен өткізген өз алаңымыздағы матчтың екінші таймында жақсы ойнағанбыз, Петр Чехқа екі гол соқтық. Оның қақпасынан тағы да саңлау табуға тырысамыз», - деді Смақов.

Естеріңізге сала кетсек, 3 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Чехиямен күш сынасса, араға үш күн салып, Юрий Красножан шәкірттері Исландиямен кездеседі. Екі ойынды да қазақстандықтар қонақта өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или