Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Әл-Наср» ойыншысы атанды
«Манчестер Сити» сапында Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған Эмерик Ляпорт «Әл-Наср» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosprots.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Испаниялық футболшының трансферлік құны 27,5 миллион еуроға бағаланып отыр.
29 жастағы Ляпорт «Манчестер Ситиде» 2018 жылдың қаңтарынан бері ойнап келді. Тараптар арасындағы келісімшарт 2025 жылдың жазында аяқталады.
Бұған дейін желтоқсаннан бері Криштиану Роналду ойнап жүрген «Әл-Наср» Садио Мане, Марсело Брозович және басқа да атақты ойыншылармен келісімшарт жасасқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или