Мессидің командасы АҚШ ашық кубогының финалына шықты
АҚШ ашық кубогы аясында «Интер Майами» сырт алаңда «Цинциннатиді» пенальти сериясында жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Негізгі уақыт тең аяқталды – 2:2. «Интер» шабуылшысы Лионель Месси 2 нәтижелі пас берді. Ал пенальти сериясында Месси бастаған команда 4:5 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, Месси «Интер Майамиге» ауысқаннан бері бірінші рет ойын барысында гол соға алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или