«Барселона» қаржы үнемдеу үшін жас ойыншыларға таңғы ас пен түскі ас беруден бас тартты
Relevo басылымы хабарлағандай, «Барселона» қосалқы құрам ойыншыларына тамақ дайындайтын компания қызметінен бас тартуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Рафаэль Маркес жаттықтыратын «Барселона Атлетик» командасының ойыншылары жаттығудан кейін таңғы немесе түскі асқа «Ла Масияда» қала алатын. Бірақ бұл міндетті емес болатын.
Алайда клубтағы қиын экономикалық жағдайға байланысты «Барса» бұл тәжірибеден бас тартуға шешім қабылдады. Клуб бұл негізсіз шығын деп есептейді, өйткені барлық ойыншы базада тамақ ішпейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или