«Өте ауыр тиді»: 33 жастағы Елдос Ахметов үлкен спортпен қоштасты
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Елдос Ахметов кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы ол желідегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Nur.kz.
«Құрметті жанкүйерлер, достар, әріптестер!
Мен кәсіби мансабымды аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Осы шешім мен үшін өте ауыр тиді, себебі биылғы маусымда Павлодардан кетіп, футбол жолымды басқа командада жалғастырғым келді.
Тіпті ұлттық құрамаға оралып, жігіттерге көмектесемін деп ойладым. Бірақ Алланың адамға деген өз жоспары бар.
Өкінішке орай, денсаулық жағдайыма байланысты кәсіби футболда ойыншы ретінде қалуға мүмкіндігім жоқ. Қанша тырыссам да, кез-келген матч немесе жаттығу денсаулығыма ауыр зиян келтіреді.
Алдағы болашақта футболда қаламын деп шештім, сондықтан бапкерлік білім алып, отандық футболымыздың дамуына үлесімді қосқым келеді», - деп жазды Ахметов.
Елдос Ахметов Тараз футбол мектебінің түлегі. Ол «Астана» сапында еліміздің екі дүркін чемпионы атанған. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында 17 матч өткізген.