Жоао Пауло: Ойынның соңында бізге аздап сақтық жетіспеді
«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы «Ордабасыдан» жеңілгені туралы айтты (0:1).
– Жоао, ойын бойынша пікіріңіді айта кетсең.<br />– Менің ойымша, ойын тамаша болды. Өкінішке қарай, біз алға қойған мақсатқа жете алмадық. «Ордабасының» стандарттан жақсы ойнайтынын білдік. Ойынның соңында бізге аздап сақтық жетіспеді.
– Гол соғу үшін командаға не жетіспеді?<br />– Пайдалана алмаған, гол соғатын мүмкіндігіміз көп болды. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін көп жұмыс істей беруіміз керек.
– Команданың келесі матчқа деген дайындығы қандай?<br />– Алдағы «Астанаға» қарсы ойында бізге жанкүйерлердің қолдауы өте қажет. Толық трибунаның алдында ойнаған керемет. Матчта жеңіске жету үшін күш береді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или