«Бешикташ» Бактиер Зайнутдиновті қалай таныстырды. ВИДЕО

«Бешикташ» Бактиер Зайнутдиновті қалай таныстырды. ВИДЕО

Ыстамбұлдың «Бешикташ» командасы Түркия футбол федерациясы сайтында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновпен жасалған келісімшартты тіркеді.

Федерацияның ресми сайтында Зайнутдиновтың ыстамбұлдық клубпен келісім-шарты биылғы жылдың 18 тамызынан басталғаны көрсетілген. Оның аяқталы мерзімі - 2027 жылдың 30 маусымы.

«Бешикташ» Түркия суперлигасындағы алғашқы ойынын 29 тамызда «Аданадемирспор» командасына қарсы өткізеді. Қазақстандық футболшы аталған кездесуде жаңа командасы сапында алғашқы ойынын көрсетуі мүмкін.

Айта кетсек, түркиялық клуб Зайнутдиновтің трансфері 4,5 миллион еуроны құрады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или