Шомко еурокубоктардағы 77-кездесуін өткізді

Шомко еурокубоктардағы 77-кездесуін өткізді

Қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко еурокубоктардағы 77-кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екібастұз футболының түлегі Дмитрий Шомко 2009 жылы 2 шілдеде Венгрияның Сомбатхей қаласында Еурокубокта дебют жасады.

Ол «Ертіс» сапында «Халадашқа» қарсы ойнады (0:1). «Ертіс» сапында 6 кездесу өткізіп, 1 гол соқты. Ал «Астана» сапындағы 67 матчқа қатысып, 5 гол соқты. «Ақтөбе» сапында 4 кездесу өткізді.

Жалпы, Дмитрий Шомко еурокубоктарда 77 кездесу өткізіп, 6 гол соқты. Ол Еурокубокта ең көп ойын өткізген қазақстандық ойыншы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или