Гаттузо Қазақстан құрамасын неге жаттықтырмады?
2016 жылы Юрий Красножан футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен соң бұл орын үш ай бойы бос тұрады, деп жазады Prosports.kz.
Сол кезде күтпеген үміткер пайда болды – италиялық Дженнаро Гаттузо. Оның агенті Марко Трабукки болатын, ол оны ұлттық құрамаға жіберу үшін көп тырысты.

Маркетинг тұрғысынан Гаттузо өте пайдалы болар еді. Өйткені, кезінде «Милан» мен Италия құрамасында ойнаған, 2006 жылғы әлем чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы болған. Алайда ол кезде италиялық бапкер ретінде айтарлықтай жетістікке жете алмады. Сондықтан қазақстандық футбол жанкүйерлері арасында футболда тамаша тәжірибесі бар, бірақ жаттықтырушы қызметінде тәжірибесі жоқ маманды шақырған дұрыс па, деген сұрақ туындады. Оның үстіне танымал тұлғаны шақыруға айтарлықтай қаржы қажет еді.
Ақырында федерация Талғат Байсуфиновты ұлттық құраманың бас бапкері етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Кейін италиялықпен алдын ала келісімшарт жасалғаны белгілі болды, бірақ әйелінің Астананың ауа райына көңілі толмауына байланысты ол ұсыныстан бас тартыпты.
Бұл туралы бірнеше жылдан кейін Дженнароның өзі айтты:

«2016 жылы Қазақстан құрамасымен алдын ала келісімшартқа отырдым. Грекиялық ОФИ мен Швейцарияның <span>«Сьон» клубында </span>жұмыс істеген кезімде кейбір жағдайларға байланысты отбасым өздерін бақытты сезінбеді, сондықтан Моникамен бірге Астанаға бардым. Онда өте суық климатқа тап болдық. Сол үшін бұл жұмыстан бас тартқан дұрыс екенін түсіндім », - дейді Гаттузо.
Қазақстан құрамасынан бас тартқаннан кейін Гаттузо бапкерлік мансабын «Миланда» жалғастырды, онда үш маусым бойы жұмыс істеді. Ал Талғат Байсуфинов жетекшілік еткен ұлттық құрама сегіз кездесуде, екі рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілді, тағы екі ойында тең ойынады.