Чемпиондар лигасында... «Астананың» топтағы қарсыластары

Кеше Монакода УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. «PROСПОРТ» тілшісі кәрі құрлықтың негізгі кезеңіндегі елордалық ұжымның қарсыластарын толық таныстырмақ.

Жеребе тарту рәсімінің алдында қазақстандық барша жанкүйер екіге бөлінді. Бірі «Астана Аренаға» «Реал Мадрид», «Барселона», «Челси» секілді әлемдік гранттардың келгенін қаласа, бәзбіреулері топтан шыға алатындай оңай қарсыластың түскенін тіледі. Сонымен, жеребе астаналықтарды португалиялық «Бенфика», испаниялық «Атлетико» және түркиялық «Галатасараймен» бір квартетке қосты.

«Бенфика» (Лиссабон, Португалия)

Лақап аты: «Қызылдар», «Қырандар», «Атақтылар»

Португалия чемпионы (34 рет, рекорд): 1935/36, 1936/37, 1937/38, 1941/42, 1942/43, 1944/45, 1949/50, 1954/55, 1956/57, 1959/60, 1960/61, 1962/63, 1963/64, 1964/65, 1966/67, 1967/68, 1968/69, 1970/71, 1971/72, 1972/73, 1974/75, 1975/76, 1976/77, 1980/81, 1982/83, 1983/84, 1986/87, 1988/89, 1990/91, 1993/94, 2004/05, 2009/10, 2013/14, 2014/15

Португалия кубогы (28 рет, рекорд): 1930, 1931, 1935, 1940, 1943, 1944, 1949, 1951, 1952, 1953, 1955, 1957, 1959, 1962, 1964, 1969, 1970, 1972, 1980, 1981, 1983, 1985, 1986, 1987, 1993, 1996, 2004, 2014

Португалия лигасының кубогы (6 рет, рекорд): 2009, 2010, 2011, 2012, 2014, 2015

Португалия Суперкубогы (5 рет): 1980, 1985, 1989, 2005, 2014

Еуропа чемпиондары кубогы/Чемпиондар лигасы (2 рет): 1961, 1962

Ойыншыларының жалпы құны (трансфермаркт): 167,3 миллион еуро

Қымбат ойыншылары : Николас Гайтан (27 млн еуро), Тото Сальвио (22 млн еуро), Джонас (10 млн еуро)

УЕФА клубтар рейтингісіндегі орны: 6

С тобына бірінші себеттен Португалия чемпионы «Бенфика» түсті. Лиссабондық ұжымның тарихы, сонау, 1904 жылдан бастау алады. «Порту», «Спортинг» секілді клубтармен бір қатарда Португалияның «үлкен үштігі» тізіміне кіреді. Осы үштік Португалия чемпионатын құрастырды. «Қызылдар» 1939 жылы алғаш рет ел чемпионы атанған. 1960-70 жылдары клубтың «алтын кезеңі» болып саналады. Құрамында Эйсебио секілді «Алтын доп» иегері бар команда 1961 жылы Чемпиондар кубогында мадридтік «Реалдың» бесжылдық жеңісіне тоқтау қойған. «Бенфика» финалда каталониялық «Барселонаны» 3:2 есебімен қапы қалдырған. Келесі жылы да ақтық матчта «Реал Мадридті» 5:3 есебімен жеңіп, Еуропаны тағы бағындырды. Бүгінге дейін лиссабондықтар Португалия чемпионатын 34 рет жеңіп алса, ел кубогында 28 мәрте топ жарған. Бұл көрсеткіштер бойынша «Бенфика» рекорд иегерлері. Ішкі жарыстардағы жеңістермен қатар, «Бенфика» халықаралық аренада атын шығарып үлгерген. Жоғарыда айтқанымыздай, Чемпиондар кубогын екі рет иеленген. Бұл додада бес мәрте финалист де атанды. Сонымен қатар, 3 рет Еуропа лигасының, екі рет Құрлықаралық кубоктың финалында сүрінген.

Байқағандарыңыздай, португалиялық ұжым финалда жиі жеңіледі. Бұған себеп – «Гуттман қарғысы». 1962 жылы бас бапкер Бела Гуттман ел чемпионатын үш рет, Чемпиондар кубогын екі рет жеңіп алған соң, клуб басшылығы қосымша сыйақыны бермегені үшін, команда тізгінінен кетіп қалды. «Бенфикадан» кетіп бара жатып Гуттман: «Келесі жүз жыл бойы «Бенфика» менсіз Еуропа чемпиондары кубогында топ жармайды» деп айтқан. Расымен де, сол кезден бері қарай команда еурокубоктың финалына сегіз рет шығып, бәрінде де жеңіліп қалған. Осылайша елу жыл бойы жалғасып келе жатқан бұл «қарғыстың» бітуіне әлі жарты ғасыр уақыт бар.

«Атлетико» (Мадрид, Испания)

Лақап аты: «Матрасшылар», «Рохибланкос», «Ақ-қызылдар»

Испания чемпионы (10 рет): 1939/40, 1940/41, 1949/50, 1950/51, 1965/66, 1969/70, 1972/73, 1976/77, 1995/96, 2013/14

Испания кубогының иегері (10): 1959/60, 1960/61, 1964/65, 1971/72, 1975/76, 1984/85, 1990/91, 1991/92, 1995/96, 2012/13

Испания Суперкубогының иегері (2): 1985, 2014

УЕФА Еуропа лигасының жеңімпазы (2): 2009/10, 2013/14

Кубок иегерлері кубогының жеңімпазы (1): 1961/62

Құрлықаралық кубок иегері (1): 1974

Ойыншыларының жалпы құны: 354, 5 миллион еуро

Қымбат ойыншылары: Коке (50 млн), Антуан Гризманн (45 млн), Джексон Мартинес (35 млн), Диего Годин (30 млн)

УЕФА клубтық рейтингісіндегі орны: 5

Біздің топта ел біріншілігінде чемпион болмаған жалғыз команда – мадридтік «Атлетико». Дегенмен, дәл осы команда квартеттің фавориті болып табылады. Клубты 1903 жылы Мадридте оқып жатқан баскылық үш студент ашқан. Мақсаттары – бильбаолық «Атлетиктің» филлиалы болу. Ұзақ уақыт бойы сайыстарға қатыспай, тек 1907 жылы ғана ресми тіркелген. 1928-29 жылғы маусымда алғаш рет Испания чемпионатына қатысып, алтыншы орынды қанағат тұтты. Бірақ келесі маусымда-ақ соңғы орын алып, екінші дивизионға түсіп қалған. 1936 жылғы Испаниядағы Азаматтық соғысқа дейін «Атлетико» Примерада ешқандай жетістікке жете алмады. Азаматтық соғыс біткен соң, мадридтік ұжым қатарынан екі жыл ел біріншілігінде топ жарып, үлкен сенсация жасады. Жалпы алғанда «ақ-қызыл түстілер» Испания чемпионатын он рет жеңіп алса, сонша рет ел кубогында топ жарған. Екі рет Испания Суперкубогында жеңіске жетті. УЕФА Еуропа лигасындағы екі жеңісі бар. Оған, УЕФА Суперкубогының екі дүркін иегері деген атақты қосыңыз. Жалпы алғанда, команданың тарихы мол, ауыз толтырып айтарлық мақтанышы да аз емес.

Команда қашанда голеодор шабуылшысымен танымал болған. Өз жылдарында команда намысын Диего Форлан, Серхио Агуэро, Диего Коста, Давид Вилья, Радамель Фалькао сынды гол соққыш форвардтар қорғаған. Қазір командада Диего Годин, Габи, Коке, Антуан Гризманн, Фернандо Торрес, Джексон Мартинес секілді жұлдыздар доп теуір жүр. Бұлардың қай-қайсы да «Астананың» бүкіл құрамынан қымбат ойыншылар.

«Галатасарай» (Стамбул, Түркия)

Лақап аты: «Арыстандар», «Сары-қызылдар»

Түркия чемпионы (20 рет, рекорд): 1961/62, 1962/63, 1968/69, 1970/71, 1971/72, 1972/73, 1986/87, 1987/88, 1992/93, 1993/94, 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00, 2001/02, 2005/06, 2007/08, 2011/12, 2012/13, 2014/15

Түркия кубогының иегері (16, рекорд): 1962/63, 1963/64, 1964/65, 1965/66, 1972/73, 1975/76, 1981/82, 1984/85, 1990/91, 1992/93, 1995/96, 1998/99, 1999/00, 2004/05, 2013/14, 2014/15

Түркия Суперкубогының иегері (14, рекорд): 1966, 1969, 1972, 1982, 1987, 1988, 1991, 1993, 1996, 1997, 2008, 2012, 2013, 2015

УЕФА Кубогының иегері (1): 1999/00

УЕФА Суперкубогының иегері (1): 2000

Ойыншыларының жалпы құны: 132,45 миллион еуро

Қымбат ойыншылары: Фернандо Муслера (17 млн), Уэсли Снейдер (15 млн), Бурак Йылмаз (12 млн)

УЕФА клубтық рейтингісіндегі орны: 28

Тарихы жиырмасыншы ғасырдың басынан бастау алатын тағы бір клуб – «Галатасарай». Түркиялық ұжым 1905 жылы құрылған. Клубты галатасарайлық лицейде оқитын бір топ оқушы ашқан екен. 1952 жылы ғана команда кәсіби атақ алады. Жеті жылдан кейін Түркия лигасы құрылып, «Галатасарай» оның жетекші командасына айналды. Клубтың Еуропадағы атағы 90 жылдардың аяғында шыға бастады. 2000 жылы стамбулдық ұжым УЕФА кубогының финалында «Арсеналды» жеңіп, түркиялық клубтардың ішінде бірінші болып осындай жетістікке жетті. Келесі жылы УЕФА Суперкубогында сол кездегі Фатих Терим шәкірттері мадридтік «Реалдан» басым түскен. «Галатарасайдың» еншісінде бір әлемдік рекорд бар: команда 2001 жылдың 13 мамырынан 2002 жылдың 8 жетоқсанына дейін өз алаңындағы барлық 24 матчта жеңіске жеткен. Тіпті, 2001 жылдың қаңтарында «Еуропаның үздік клубтары» тізімінде көш бастаған көрінеді.

Түркия чемпионатында 20 рет, ел кубогын 16 рет, Суперкубогын 14 рет алған өте титулды ұжым. Бұған УЕФА Кубогы мен Суперкубогын қосыңыз. Әр жылдары бұл клубтың намысын Арда Туран, Милан Барош, Франк Рибери, Дидье Дрогба секілді әлем жұлдыздары қорғаған. Бүгіннің өзінде бұл клуб жұлдыздардан кем емес. Уэсли Снейдер, Лукас Подольски, Фернандо Муслера, Хамит Алтынтопты «Астана Аренада» көретін боламыз.

«Астананың» қарсыластары туралы қысқаша баяндамамыз осындай. Құрылғандарына жүз жылдан асқан клубтарды толық таныстыру үшін бір мақала аз секілді. Енді бес-алты жыл ғұмыр кешкен «Астана» осындай тарихы да, дәстүрі де мол бұл командалардан ұпай жырып алып, Еуропаны бірнеше рет шулатады деп сенейік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или