Сәтсіз тайм! «Астана» Еуропа лигасынан ұшып кетті

Сәтсіз тайм! «Астана» Еуропа лигасынан ұшып кетті

«Астана» болгариялық «Лудогорецтен» жеңіліп, Еуропа лигасынан ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Турнирдің үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта елордалықтар өз алаңында «Лудогорецті» 2:1 есебімен жеңген болатын. Сондықтан Болгарияда тең нәтиже де жеткілікті еді.

Матчтың 25-минутында Бернард Текпетей есеп ашты, ортаға ығысып, дәлдік танытты. Бірақ «Астана» қажетті есепке төрт минуттан соң қол жеткізе алды - Дембо Дарбо таразы басын теңестіріп тастады.

Командалар үзіліске дәл осы есеппен кетті. Ал екінші таймда тек болгариялықтар гол соқты.

47-минутта Якуб Пётровский алыстан жақын бұрышты дәл көздеді. Екі минуттан соң Текпетей оң қанатта екі қорғаушыдан өтті де, алыс тоғыздыққа жойқын соққы жасады - Йосип Чондрич тағы да шарасыз қалды.

58-минутта Якуб Петровский дубль жасаса, артынша Кирил Десподов та қанжығасын майлады.

Осылашйа, 5:1 есебімен жеңген болгариялық клуб Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне шықты. Онда нидерландтық «Аякспен» күш сынасады.

Ал «Астана» енді жарыс жолын Конференция лигасында жаластырады. Турнирдің плэй-офф кезеңінде елордалықтар албаниялық «Партизанимен» күш сынасады.

Еуропа лигасы. 3-іріктеу кезеңі. Бірінші матч - 2:1

«Лудогорец» (Болгария) - «Астана» 5:1

Голдар: Текпетей 25, 49, Петровский 47, 58, Десподов 67 - Дарбо 29

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или