Жігерсіз жеңіліс! «Ақтөбе» Конференция лигасымен қоштасты

Жігерсіз жеңіліс! «Ақтөбе» Конференция лигасымен қоштасты

«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасымен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің үшінші іріктеу кезеңінде ақтөбеліктер румыниялық «Сепсимен» кездесті. Алғашқы ойында «Ақтөбе» сырт алаңнен тең нәтижемен оралған - 1:1.

Ал Ақтөбедегі матчта қазақстандық командаға тек жеңіс қажет болды. Бірінші таймда есеп ашылмады. Бірақ қонақтар көбірек доп ұстап, шабуылда белсендірек болды.

Соның арқасында румын командасы гол соғып кетті. 67-минутта Николае Паун бұрыштан әуелеген допты «Ақтөбе» қақпасында тулатты.

Бұл голдан кейін алаң иелері таразы басын теңестіре алмады. 0:1 - «Ақтөбе» өз алаңында жеңіліп, еурокубокпен қош айтысты.

Конференция лигасы. Үшінші іріктеу кезең. Бірінші матч - 1:1

«Ақтөбе» - «Сепси» (Румыния) 0:1 (0:0)

Гол: Паун 67

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или