Неймар Сауд Арабиясында бір секундта қанша ақша табады

Неймар Сауд Арабиясында бір секундта қанша ақша табады

Бразилиялық шабуылшы Неймардың Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командасындағы жалақысы белгілі болды.

31 жастағы бразилиялық жаңа клубта екі жылда 300 миллион еуро табады, алайда бұл сома барлық бонустар мен коммерциялық мәмілелерді қосқанда 400 миллионға дейін өсуі мүмкін.

Sports.kz есептеуінше, Неймардың жалақысы бір жылда 200 миллион еуроны құраса, онда ол айына 16,67 млн еуро, аптасына - 4,17 миллион еуро, күніне - 595,2 мың еуро, сағатына - 24,8 мың еуро, минутына – 413 еуро, секундына - 6,9 еуро табады.

Еске салайық, Неймардың соңғы клубы француздық «ПСЖ» болды. Өткен маусымда бразилиялық 29 матч ойнады, онда ол 18 рет гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или