Карпович «Сепсиге» қарсы қарымта матч туралы ойын айтты
«Ақтөбе» командасының бас бапкері Андрей Карпович Конференция лигасы 3-іріктеу кезеңі аясында румыниялық «Сепсимен» өтетін қарымта ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл матчты асыға күтеміз. Негізінде, бірінші ойын өтті, біз бір-бірімізді азды-көпті білеміз. Өз күшімізге сай әрекет етеміз. Мүмкіндік әрқашан тең, дұрыс, ұйымдасқан түрде ойнау қажет екенін түсінеміз, осыны орындауға тырысамыз», - деді Карпович «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, сырт алаңда өткен алғашқы ойын тең (1:1) аяқталды. Қарымта кездесу Ақтөбеде өтеді. Матч 17 тамызда Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или