УЕФА Суперкубогы: «Манчестер Сити» - «Севилья» матчының тікелей трансляциясы
16 тамыздан 17 тамызға қараған түні Пирейде (Грекия) «Георгиос Карайскакис» стадионында УЕФА суперкубогы үшін ойын өтеді, онда ағылшындық «Манчестер Сити» мен испандық «Севилья» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Манчестер Сити» - «Севилья» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 00:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Еске салайық, өткен маусымда Хосеп Гвардиоланың командасы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Турнир финалында «қалалықтар» «Интерді» ұтты (1:0).
2022/2023 маусымында «Севилья» Еуропа лигасының финалында «Романы» пенальти сериясында (1:1, 5-4) жеңді. Испандықтар тарихтағы жетінші турнир чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или