Ресейде доп тебетін 4 ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Ресейде доп тебетін 4 ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Марат Быстров, Лев Скворцов, Бактиер Зайнутдинов және Нұралы Әліп Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы қыркүйек айындағы матчтарына қатысатын кеңейтілген құрамға енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы құрама бапкері Магомед Адиев «Матч ТВ» арнасына хабарлады. 

Қазақстан құрамасы қыркүйекте Еуро-2024 іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді: 7 қыркүйекте Финляндияны, 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияны қабылдайды. Адиев шәкірттері қазір 9 ұпай жинап, Н тобында екінші орында тұр.

- Біз Ресейде ойнайтын барлық ойыншыларды бақылап отырамыз. Быстров, Скворцов, Зайнутдинов және Әліп кеңейтілген тізімде. 20-21 тамызда қыркүйек айындағы матчтарға арналған кеңейтілген құрамды жариялаймыз», - деді Адиев «Матч ТВ» арнасына.

Айта кетейік, Быстров «Ахматта», Зайнутдинов ЦСКА-да, Әліп «Зенитте», Скворцов «Химкиде» өнер көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или